Меню страницы
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Мақаланы қарауға жібере отырып, автор мәліметтерді жариялау туралы Лицензиялық келісімнің (жария оферта) шарттарымен келіседі және өз тарапынан Saryn декларациялайтын жариялау этикасы ережелерінің сақталуына кепілдік береді. Лицензиялық келісім (жария оферта) «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ жанындағы Saryn мен автор/авторлар арасында Лицензиялық келісімінде (жария оферта) көрсетілген шарттар ауызша нысанда және екі тараптың қол қоюынсыз заңды күште жасалады.
Saryn редакциясы ғылыми және этикалық нормаларды ескере отырып дайындалған және төменде қойылатын талаптарға қатаң сәйкес рәсімделген, бұрын жарияланбаған түпнұсқа зерттеулер мен мақалаларды ғана қарауға қабылдайды.
Редакцияға ұсынылған зерттеудің тақырыбы журналдың негізгі айдарларының біріне сәйкес келуі керек: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (зерттеулер, мұрағат материалдары, шолулар/пікірлер/тарих, сұхбат).
Мақалалар тек sarynjournal.kz сайт жүйесі арқылы қабылданады.
Мақала авторлары мақалалардың мазмұнына толық жауап береді (соның ішінде берілген ақпараттың, дәйексөздердің, сілтемелердің және дереккөздер тізімі мен References нақтылығы). Saryn журналында тек өнер магистрі дәрежесінен төмен емес авторлардың мақалалары (рецензенттердің редакциялық кеңесі оң шешімімен) жариялануы мүмкін.
Редакция авторлардың пікірлерімен бөліспеуі мүмкін және авторлар жариялаған мәтіннің дұрыстығына жауап бермейді. Сонымен қатар Saryn редакциясы мақаланың жариялануынан туындауы мүмкін залал үшін авторлар және/немесе үшінші тұлғалар мен ұйымдар алдында жауап бермейді.
ПЛАГИАТ
Редакцияға түскен барлық жұмыстар плагиатқа тексеру рәсімінен өтеді. Егер мәліметтердің жарияланған фактісі немесе плагиат анықталған жағдайда мақала қабылданбауға не ретракция рәсіміне жатады.
ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫ
Saryn-ғы авторлық ғылыми зерттеулер, шолулар мен сұхбаттар, тегін жарияланады. Журнал рецензиялау, өңдеу, түзету және басқа да редакциялық жұмыстар бойынша шығындарды өз мойнына алады. Saryn мақала авторларына қаламақы төлемейді.
Қажет болса, автор нөмірдің баспа нұсқасына тапсырыс бере алады, оның құны 10 000 ₸ (= 25 $, = 20 €, = 1800 ₽) + әлемнің кез келген еліне пошта шығындары.
ЖАРИЯЛАУ МЕРЗІМІ
Редакцияға ұсынылған мақалаларды қарау мерзімі: 20–90 күн.
Рецензиялау рәсімі: 15–45 күн.
Өңдеу және орналастыру рәсімі: 30 күн.
Барлық мақалалар кезектілігіне сәйкес не редакцияның қалауы бойынша уәкілетті орган қоятын талаптарға не Saryn тақырыптық нөміріне байланысты жарияланады.
САЙТТА ТІРКЕЛУ (ТІРКЕЛМЕГЕН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ҮШІН)
Әрбір автор міндетті түрде сайт ұсынатын барлық нысандарды, соның ішінде аты-жөнін, ғылыми дәрежесін, лауазымын, жұмыс орнын, ORCID ID толтыра отырып тіркеу рәсімінен өтуі керек (жаңа авторлар үшін). Автордың профилі үш тілде толтырылуы керек.
МӘЛІМЕТТЕРДІ БЕРУ
Автор (-лар) сайт жүйесі арқылы «Жаңа мәліметтер» мәзіріне өтуі керек (экранның оң жағындағы) және төмендегі екі құжатты жүктеулері қажет.
1. Анонимді мақала. Сайтқа MS Word форматындағы мақаланың толық анонимді мәтіні жүктеледі (docx кеңейтуімен). Мақаланың файлы мен мәтінінің атауында автор (-дың) аты-жөні болмауы керек. Файлдың мазмұны туралы толығырақ Қолжазбаны құрылымдау ережелерінен білуге болады.
2. Автор туралы мәлімет. Бұл құжатта үш тілде ақпарат бар (шетелдік авторлар үшін тек ағылшын және орыс тілдерінде рұқсат етіледі): автор (лар) туралы мәліметтер, оның ішінде толық аты-жөні (куәландырушы құжаттағыдай), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, автор жұмыс жасайтын ұйымның орны мен толық мекен-жайы; ORCID ID; email; автормен байланысу үшін телефон нөмірі (редакция үшін); авторлардың қосқан үлесі (егер екі автор болса); редакцияның, рецензенттердің, ғалымдардың және ұйымдардың алғыстары (егер бар болса). Файлдың мазмұны туралы толығырақ Автор туралы мәліметтерді рәсімдеу ережелерінен білуге болады.
Жоғарыдағы айтылған талаптарды ескермей рәсімделген мақалалар жариялауға қабылданбайды. Егер автор тіркелген файлдар саны бойынша талаптарды орындамаса (барлығы — 2) немесе авторлар үшін нұсқаулықтың бір тармағын ескермеген жағдайда, редакция жіберілген материалдарды қабылдамауға негіз болады.