Рецензиялау тәртібі

Saryn журналы мен оның баспагері «Құрманғазы атындаты Қазақ ұлттық консерваториясы» жариялау этикасының стандарттарын ұсынады және оның бұзылуын болдырмауға күш салады.
          Saryn журналының редакциясына келісіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде екі рет анонимді («жасырын») рецензиялаудан өтеді (келіп түскен қолжазбаның авторлары рецензенттерді білмейді және бас редактордың қолы қойылған ескертулермен хат алады).

          Төменде көрсетілген ережелерді бұзған жағдайда редакция мақаланы жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдыра алады.

          1.      Редакцияға келіп түскен әрбір мақаланың түпнұсқалығы тексеріледі. Түпнұсқалық кем дегенде 90 % болуы керек.
          2.      Мақалаларды рецензиялауда келіп түскен қолжазба тақырыбының тиісті саласын тәуелсіз сарапшы – ғалымдары немесе мамандары жүзеге асырады.
          3.      Мақалаға сараптама жүргізу үшін сол немесе өзге рецензентті таңдау туралы шешімді бас редактор, бас редактордың орынбасары, ғылыми редактор қабылдайды. Рецензиялаудың ең ұзақ мерзімі — үш апта.
          4.      Редакцияға келіп түскен әрбір мақала екі тәуелсіз рецензентке жіберіледі.
          5.      Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдау мен түсіндіруге әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензиядан бас тартуға құқылы. Қолжазбаны қарау қорытындысы бойынша рецензент мақала туралы ұсыныстар береді (рецензенттің әрбір шешімі негізделуі тиіс):

  • мақала осы түрде жариялауға ұсынылады;
  • мақала рецензент белгілеген кемшіліктерді түзеткеннен кейін жариялауға
    ұсынылады;
  • мақала өңдеуді және одан кейінгі қосымша рецензиялауды қажет етеді;
  • мақаланы журналда жариялау мүмкін емес.

          6.      Егер рецензияда мақаланы түзету және пысықтау бойынша ұсыныстар болса, журналдың редакциясы авторға мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде оларды ескеру немесе оларды дәлелді (ішінара немесе толық) жоққа шығару туралы ұсыныспен рецензия мәтінін жібереді. Мақаланы пысықтау авторларға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы электрондық хабарлама жіберілген сәттен бастап бір айдан аспауға тиіс. Автор пысықтаған мақала рецензиялауға қайта жіберіледі.
          7.      Авторлар материалдарды пысықтаудан бас тартқан жағдайда, олар редакцияны мақаланы жариялаудан бас тартқаны туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиіс. Егер авторлар рецензия жіберілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін пысықталған нұсқаны қайтармаса, тіпті мақаланы пысықтаудан бас тартқан авторлардан мәліметтер болмаса да, редакция оны автордың ескертуінсіз есептен шығарады.
          8.      Егер автор мен рецензенттер қолжазбаға қатысты шешілмейтін қайшылықтарға тап болса, редакциялық алқа қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда бас редактор редакциялық алқа отырысында шешім қабылдайды.
          9.      Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім рецензенттердің ұсынымдарына сәйкес редакциялық алқа отырысында қабылданады. Редакциялық алқаның шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы хабарлама авторға электрондық пошта арқылы жіберіледі.
          10.      Редакция алқасы мақаланы жариялауға жіберу туралы шешім қабылдағаннан кейін редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялау мерзімдерін көрсетеді.
          11.      Оң пікірдің болуы мақаланы жариялауға жеткілікті негіз бола алмайды. Жариялау туралы түпкілікті шешімді редакциялық алқа қабылдайды.