Мұрағаттау

Saryn халықаралық рецензияланатын журналы авторларға жарияланған материалдарды таратуға және оқырман қауымын кеңейтуге, соның ішінде журналдың ресми әлеуметтік желілерінде (Telegram, Instagram, Facebook) мақалаларды жариялау арқылы жан-жақты қолдау көрсетеді.

Журнал ашық қолжетімділік саясатын ұстанады, бұл автордың жарияланған мақаласын басқа зерттеушілердің іздеуіне және сілтеме жасауына әсер етеді. Сондықтан журналдың өзі де, оның мұрағатталған және баспа көшірмелері сақталатын репозиторийлер де Saryn зерттеушілері мен халықаралық қауымдастық арасындағы ғылыми байланыс процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Saryn редакция алқасы өз авторларына жарияланған материалдарды бөгде репозиторийлерге орналастыруға кедергі жасамайды. Журнал авторлары тәуелсіз репозиторийге немесе олармен байланысты репозиторийге жүктей алады. Бірлескен авторлықпен жарияланған мақала, тіпті егер бірлескен авторлар оны басқа ұйымдардың репозиторийлерінде орналастырса да, репозиторийге орналастырылуы мүмкін.

Басқа репозиторийлермен өзара әрекеттесу оқырмандар мен сілтеме жасайтын аудиторияны көбейтуге, әріптестер мен студенттерге зерттеулермен танысуға, пікірлес адамдар мен жаңа мүмкіндіктерге ие болуға мүмкіндік береді.

Қолжазбаларды жосықсыз авторлардың заңсыз иемденуінен қорғау үшін сіз DOI сілтемесін немесе мақаланың түпнұсқасы жарияланған Saryn журналының веб-сайтына сілтеме беруіңіз керек. Бұл әзірлеу және жариялау күніне құқығыңызды дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Saryn журналындағы мақалалардың мұрағатталған көшірмелері жоғары оқу орынның екі репозиторийінде сақталады:

1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының электронды кітапханасы

2. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ресми сайтындағы Saryn парақшасы

Сонымен қатар, Saryn консерватория кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында баспа нұсқасында, сондай-ақ Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының электронды деректер қорында сақтаулы.