Журнал туралы

Saryn журналы (2013 жылдан 2016 жылға дейін «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыныӊ Хабаршысы — Вестник Казахской национальной консерватории имени Курмангазы», 2017 жылдан 2022 жылға дейін — Saryn International peer-reviewed journal) — «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша академиялық мәтіндерге, музыкалық альбомдарға, кинофильмдерге, көрмелерге және басқа да ғылым мен мәдениет туындыларына өзекті зерттеулерді, аударма материалдары мен шолуларды жариялауға бағытталған халықаралық ғылыми рецензияланатын басылым.

Негізгі тақырып келесі бағыттарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді):

  • өнер теориясы және тарихы;
  • өнер философиясы;
  • музыкатану және этномузыкатану;
  • деректану және өнертану тарихнамасының әдістемесі;
  • өнер және мәдениет саласындағы білім.

Saryn журналының редакциясы ынтымақтастықтың әртүрлі форматтарына ашық. Біз редакцияның электрондық поштасына жіберуге болатын кез келген ұсыныстарға қуаныштымыз: editor@sarynjournal.kz.

Журналда жариялауға ұсынылған мақалалар екі рет «жасырын» рецензиялау рәсімінен, сондай-ақ плагиатты тексеруден өтеді.

Жарияланым тілдері – ағылшын, қазақ, орыс.

Журнал жылына 4 рет шығарылады.

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке қою туралы 10.03.2023 жылғы № KZ63VPY00066116 куәлігін ақпарат комитеті берді.

Бастапқы есепке қою күні мен нөмірі: 19.09.2013, № 13880-Ж.