Еркін қол жеткізу саясаты

Saryn материалдарға еркін қол жеткізу саясатының жақтаушысы болып табылады және Будапешттің «Ашық қол жетімділік» бастамасына қосылды.

Барлық оқырмандар «Ағымдағы шығарылым» және «Мұрағаттар» беттерінде ашық түрде сақталатын журнал мазмұнынына еркін қол жеткізе алады.

Бұл ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне еркін қол жеткізу, ғылымның дамуына, жаһандық білім алмасудың артуына және Saryn басылымдарының интеграциясына ықпал етеді деген қағидаға сәйкес келеді.

Журналда жарияланған материалдардың авторлары басылыммен келісе отырып, осы материалдарды журналдың сайтында Интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде ашық қол жетімділікке орналастыру құқығын береді, бұл туралы мақала берген кезде авторлық беру шарттарын қабылдай отырып хабарлайды.

Авторлар материалдарды жария оферта және CC BY-NC-ND 4.0 лицензиясы бойынша ұсынады. Бұл лицензия адамдарға материалды кез келген ортада және кез келген форматта шектеусіз көшіру мен таратуға мүмкіндік береді, бірақ міндетті түрде авторлық құқықпен және тек коммерциялық емес мақсаттарда.

Авторлар мақаланың авторлық құқығын сақтайды және басқа да басылымдарды, соның ішінде кітаптарда, оқу және басқа да әдістемелік басылымдарды дайындау кезінде жарияланған материалдарды пайдалана алады, сондай-ақ өз мақаласының баспа немесе электрондық көшірмелерін ғылыми, білім беру және өзге де мақсаттарда пайдалана алады.  

Жариялау үшін ақы авторлардан да (нөмірдің баспа бедерін қоспағанда), оқырмандардан да, олар аффилирленген ұйымдардан да алынбайды.

Журнал кез келген фрагменттерді көшіру кезінде журналға және материал авторларына сілтеме қажет екенін еске салады.