Қазақ халық музыкасы Қазақстан композиторларының саксофондық шығармаларында

Көріністер: 94

Бөлісу:

Мақаланы жүктеп алу English

Авторлар

Азамат Иманбаев

												

Жауапты автор

Өнер магистрі, үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 2-ші курс докторанты және аға оқытушысы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Қазақстан

https://orcid.org/0009-0006-4000-928X

Галия Бегембетова

												

Өнертану кандидаты, музыкатану және композиция кафедрасының профессоры

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Қазақстан

https://orcid.org/0000-0003-2402-4931

Мақала туралы ақпарат

Мақаланың жарияланған күні

2024-09-23

Мақала беті

74–94

Бөлім

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Лицензия

Attribution-NonCommercial-NoDerivs 4.0 International

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ композиторлары Артур Оренбургский, Әліби Әбдінұров және Юлия Лебедеваның қазақ халық музыкасына негізделген саксофондық шығармаларын зерттеуге арналған. Бұл шығармалар Қазақстандағы саксофоншылардың орындаушылық және оқытушылық тәжірибесінің маңызды бөлігіне айналды, олар үлкен концерттік алаңдарда, фестивальдерде және байқауларда жиі орындалады. Жұмыстың мақсаты – шығармалардың жазылу үдерісі мен олардың ұлттық репертуарды қалыптастырудағы және орындаушылық тәжірибені дамытудағы рөлін зерттеу, сонымен қатар орындау стилі мен техникасының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау.

Авторлар зерттеуде әртүрлі әдістерді қолданады: кешенді тәсіл, оның ішінде аналитикалық, тарихи – мұрағаттық материалды жинау және зерттеу; антропологиялық – Қазақстан композиторларымен
және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының саксофон сыныбының оқытушыларымен сұхбат жүргізу.

Зерттеу барысында қазақтың дәстүрлі музыкасына сәйкес келетін саксофондық шығармалардың негізгі музыкалық ерекшеліктері анықталды: метрикалық еркіндік, импровизация және ырғақ, пішін қалыптасуы мен тембр бірегейлігі. Зерттелген шығармаларда домбыраның ырғақтық элементтеріне және халық үрмелі аспаптарына тән дыбыс шығаруға еліктеу арқылы дәстүрлі түпдеректерді қайта қарастыру белгіленеді. Бұл элементтер музыкадағы ұлттық нақышты анықтайды және оларды «этникалық бірегейліктің» белгілері ретінде қарастыруға болады.

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда қазақ музыка мәдениетінде саксофонды қолданудың өзіндік стильдік ерекшеліктері мен жаңа мүмкіндіктерін ашатын бұл жұмыс халық музыкасы мен қазіргі заманғы музыка синтезіне қызығушылық танытатын музыканттарға, ұстаздар мен зерттеушілерге пайдалы болмақ.

 

Тірек сөздер

саксофон
қазақ халық музыкасы
Қазақстан композиторлары
ұлттық репертуар
саксофондағы орындаушылық
шығарма

Дереккөздер тізімі және References

Dokshizer, Timofei. Iz zapisnoi knizhki trubacha [From the Trumpeter’s Notebook]. Moscow, Kompozitor, 2008. (In Russian)

Imanbayev, Azamat. Conversation with Aleksandr Fedyanin. Almaty, 5 September 2023. Personal archive of A. Imanbayev. (In Russian)

Imanbaуev, Azamat, and Aizada Nussupova. “O koncerte dlya saksofona i duhovogo orkestra «From KZ» Yu. Lebedevoi” [“About the From KZ Concert for Saxophone and Brass Band by Yu. Lebedeva], Performing Arts: History, Methodology, proceedings of the international scientific and practical conference. April, 2019, Kurmangazy Kazakh National Conservatory. Almaty, Kurmangazy Kazakh National Conservatory, pp. 175–180. (In Russian)

Imanbaуev, Azamat. “Artur Orenburgskii: shtrihi k portretu kazahstanskogo kompozitora i pianista” [“Artur Orenburgsky: Touches to the Portrait of the Kazakh Composer and Pianist.”] Research Prospects: Musical Art through the Eyes of Young Scientists, materials of the first republican master’s readings. February, 2019, Kurmangazy Kazakh National Conservatory, Almaty, pp. 4–11. (In Russian)

Kazakstan kompozitorlarinin shigarmalari saksofon jane fortepianoga arnalgan [Works by Composers of Kazakhstan for Saxophone and Piano], compiled by P. Serebryannikov, Astana, 2012. (In Kazakh)

Medvedeva, Marina. “Aranjirovka kak vid tvorcheskoi deyatelnosti (K probleme obucheniya)” [“Arranging a Kind of Creative Activity (On the Problem of Learning)”]. Traditional Folklore, Modern Folk Choirs and Ensembles: collection by M. Medvedeva. Compiled and edited by Viktor Lapin, Leningrad, LGITMiK, (Folklore and Folklore studies, iss. 2), 1989, pp. 47–61. (In Russian)

Moura, Nádia, and Sofia Serra. “Saxophone Players’ Self-perceptions about Body Movement in Music Performing and Learning: An Interview Study.” Music Perception, vol. 41, no. 3, 2024, pp. 199–216. DOI: 10.1525/mp.2024.41.3.199.

Turchinskу, Boris. “Margarita Shaposhnikova: soedinyaya dushu s instrumentom” [“Margarita Shaposhnikova: Uniting Soul with the Instrument.”] Partita, www.partita.ru/articles/shaposhnikova.shtml. Accessed 24 March 24.

Ukshini, Enis, and Joris Dirckx. “Influence of Lip position, Lip Force and Blowing Pressure on the Tuning and Playability of an Alto Saxophone Mouthpiece.” Applied Acoustics, vol. 199, 2022. DOI: 10.1016/j.apacoust.2022.109011.

Ukshini, Enis, and Joris Dirckx. “Time-resolved Strain and Deformation Measurement on the Vibrating Saxophone Reed.” Strain, vol. 59, no. 3, 2023, рр. 1–14. DOI: 10.1111/str.12437.

Yerzakovich, Boris. “Vklad Abaya v kazakhskuyu muzyku.” [“Abai's Contribution to Kazakh Music.”] Aittym salem, kalas kas [Hello to You, Kalam Kas (Thin-Browed Girl)] by Abai Kunanbayev. Compiled by Boris Yerzakovich. Almaty, Oner, 1986, pp. 19–32. (In Kazakh)