Мақала туралы ақпарат
Мақаланың жарияланған күні
2021-12-30
Мақала беті
67-76
Бөлім
Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Лицензия
Аңдатпа
Мақалада консерваторияның музыкатану-студенттері қашықтықтан оқыту мысалында жоғары оқу орындарында оқу процессінде практикалық жұмыс түрлерін қолдану мəселелері қарастырылған. Меңгерудің тиімділігіне жəне практикалық жұмыс түрлерін жүзеге асырудың сəттілігіне əсер ететін факторлардың ішінде авторлар студенттердің өзіндік жұмысын (соның ішінде оқытушымен), олардың жазбаша жұмыс істеу дағдыларын дамыту мен практикалық іс-əрекет нəтижелерін жүйелеуге, олардың аттестатау іс-шараларына жүйелі дайындық алгоритмдерін меңгеруі қарастырылады.
Зерттеу музыкатану мамандығының студенттеріне on-line режимінде арнайы пəндерді оқытудағы жеке тəжірибесіне негізделген. Əдістеме эмпирикалық, теориялық жəне салыстырмалы зерттеу əдістерін қамтиды.
Оқу процесінде студенттердің онлайн режимінде жұмысының жалпы жəне арнайы түрлерін тəжірибелік түрдегі түрлендіру нəтижесінде авторлар оларды апробациялау студенттерге арнайы пəндерді қашықтықтан тиімді меңгеруді жалғастыруға мүмкіндік берді деген қорытындыға келеді, оқу ортасы жəне өз мамандығына пайдалы қосымша дағдыларды дамытуға жəне бекітуге ықпал етті.
Мұндай формаларды одан əрі зерделеудің келешегі оларды жетілдірумен жəне түрлендірумен, оқу процесіне күндізгі оқыту форматында енгізумен жəне олардың аралас модификацияларын жасаумен байланысты.
Тірек сөздер
қашықтан оқыту
практикалық жұмыс формалары
оларды түрлендіру
консерватория
музыкатану
Дереккөздер тізімі және References
Программа производственной практики для студентов II курса специальности «Музыковедение» // Составители: Г.Б. Балманова, Г.З. Бегембетова. – КНК им. Курмангазы: Алматы, 2017.
Programma proizvodstvennoj praktiki dlya studentov II kursa special'nosti «Muzykovedenie» // Sostaviteli: G.B. Balmanova, G.Z. Begembetova. – KNK im. Kurmangazy: Almaty, 2017.