Мақала туралы ақпарат
Мақаланың жарияланған күні
2022-06-30
Мақала беті
11-16
Бөлім
Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Лицензия
Аңдатпа
Мақала КСРО Халық әртісі, композитор Ғ.А.Жұбанованың (1927-1993) және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек сіңірген ұстазы, Еңбек Қызыл Ту, «Достық», «Құрмет» ордендерінің иегері, профессор Н.М.Патрушеваның (1927-2017) шығармашылық қызметіне арналған.
Ғ.А.Жұбанованың «Менің әлемім – Музыка» кітабының мәтіндік материалдарына, оның мерзімдік басылымдардағы алғашқы мақалаларына, соның ішінде Н.М.Патрушеваның шәкірттеріне арналған мақалаларына сүйене отырып, замандастар мен әріптестердің өмірі мен музыкалық-педагогикалық қызметінің кәсіби және жеке ұстанымдарының ортақтығы көрсетіледі. Олардың алдын ала анықталған тәлімгерлігінің ерекше – жанкештілік – сипаты, өз ісіне риясыз берілгендік деңгейі және ішкі сенімділігі, оларсыз шынайы шығармашылық нәтижелерге қол жеткізу ектіталай екендігін ескере, дәйексөз-эпиграфтар мен нақты деректер арқылы «қиылысу нүктелері» ашылады. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жарияланған «Күләш мұрагерлері» мақаласындағы үзіндіде сипатталған бағалау пікірлерінің дәлдігі мен көрегендігі дарынды балаларды мамандандырылған мектепте оқыту процесі және болашақта жұлдызды орындаушылардың концерттік практикасын бастау жолымен қатар қазақ мәдениеті үшін бүгінгі күні де маңызды есімдердің өзектілігін арттыруға мүмкіндік берді. «Мызғымас адами құндылықтарды» бекітуге қажетті қырлар ретінде – айқын байланыс, басты сабақтастық ұсынылған.
Тірек сөздер
педагог-шебер (тәлімгер)
Қазақстанның скрипка мектебі
композитор сөзі
жеке үлесі
заманауи мәдениет
Дереккөздер тізімі және References
My world is Music. In 2 volumes. Articles, essays, memoirs. Comp. and ed. D. Mambetova. – Almaty: AKSIM, 1997. (See also 2008 and 2017 reissues).
Zhubanova, G. Kazakh nightingale // Our sisters. – Alma-Ata: Kaz. State Publishing House, 1961. – P.273-281; Zhubanova, G. The successors of Kulyash // Kazakhstanskaya Pravda. April 15, 1971.
Musakhodzhaeva, S. Musical excellence of Marat Bisengaliev // Thought. – 2007. – №7. – P.64.