Сежурненің маримба және ішекті аспаптар оркестріне арналған концерті

Көріністер: 38

Бөлісу:

Мақаланы жүктеп алу

Автор

Мұһаммедбатыр Балтабайұлы

												

Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының 2-ші курс магистранты

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Қазақстан

Мақала туралы ақпарат

Мақаланың жарияланған күні

2023-12-13

Мақала беті

83-91

Бөлім

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Лицензия

Attribution-NonCommercial-NoDerivs 4.0 International

Аңдатпа

Мақала бүкіл әлемге танымал француз композиторы Эммануэль Сежурненің ұрмалы аспаптарда жиі орындалатын ең жарқын туындыларының бірі – маримба мен ішекті аспаптар оркестріне арналған концертін жан-жақты талдауға арналған. Концерт 2004 жылы белгілі музыкант, маримбада шебер орындаушы Богдан Баканудың тапсырысымен жазылған. Туынды дәстүрлі үш бөлімнен тұрса да, композиция құрылымы мен тақырып тұрғысынан өте ерекше болып келеді. Концерттің романтикалық әуенінен орыс композиторы С. Рахманинов пен француз композиторы М. Легран музыкасының әсері байқалады.

Мақалада талдау, тарихи-теориялық және т. б. әдістер қолданылған. Деректерді жинау кезінде Богдан Бакану және Кристов Зицен сияқты аттары әлемге әйгілі орындаушылардың бейне және аудио материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ, концерт авторымен хат алмасу кезінде шығарма туралы құнды мәліметтер алынды.

Зерттеу барысында маримба аспабы оркестрде және ансамбльдерде басқа аспаптардан кейін пайда болғандығы анықталды. Дегенмен, маримба аспабының жеке орындаушы аспап ретіндегі барлық мүмкіндіктерін нақты осы концерт негізінде көруге болады.

Тірек сөздер

Э. Сежурне
Маримба
неоромантизм
концерт
ұрмалы аспаптар
Б. Бакану

Дереккөздер тізімі және References

The New Grove Dictionary of Music and Musicians. 29 volumes with index. Ed. by Stanley Sadie. -

nd edition. Executive ed. John Tyrrell. – New York: Grove; London: MacMillan, 2001

Михайленко А. Г., Современная книга о маримбе. – Новосибирск, 2006.

Музыкальный словарь Гроува. Пер. С англ. – М.: Практика, 2001.

http://www.emmanuelsejourne.com/ (электрондық ресурс)

The New Grove Dictionary of Music and Musicians. 29 volumes with index. Ed. by Stanley Sadie. -

nd edition. Executive ed. John Tyrrell. – New York: Grove; London: MacMillan, 2001

Mihajlenko A. G., Sovremennaya kniga o marimbe. – Novosibirsk, 2006.

Muzykal'nyj slovar' Grouva. Per. S angl. – M.: Praktika, 2001.

http://www.emmanuelsejourne.com/