Жаңалықтар
ҚР ҒжЖБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 25.01.2024 жылғы № 101 бұйрығымен Saryn журналы «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енді.
Бұл ретте 2023 жылғы үшінші және төртінші нөмірлері КОКСНВО индекстелген:
№ 3: https://sarynjournal.kz/saryn/issue/view/40
№ 4: https://sarynjournal.kz/saryn/issue/view/41
2024 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 295 бұйрығымен Saryn халықаралық ғылыми рецензияланатын журналы Басылымдар тізімінің 2-тізбесіне енгізілді. Бұл тізім ғылыми атаққа үміткер докторанттар мен зерттеуші ғалымдарға жаңа жағдайлар жасайды.
Журналдың ұсынысы
Журнал жыл бойы материалдарды ұсынуға ашық болып табылады.
Өтініш, қосымша ақпарат алу үшін авторлық нұсқаулық беттеріне және журнал саясатына кіріңіз.