Мақала үшін автор туралы мәліметтер
Аты Әкесінің аты (бар болса) Тегі (қалың қаріппен) төлқұжаттағы немесе жеке басын куәландыратын құжаттағы емлесіне сәйкес көрсетіледі. Келесі жолда – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, кафедрасы (департамент), Жарғыға сәйкес автор жұмыс істейтін немесе еншілес ұйымның толық (қысқартусыз) ресми атауы және жақшада (Қала, Ел) көрсетіледі.
Ұйымның толық мекен-жайы көрсетілу қажет, оның ішінде индексі, электрондық поштасы, ORCID ID (болмаған жағдайда, https://orcid.org/ сайтында тіркелу қажет және профиль ғалым туралы негізгі ақпаратпен толтырылуы керек: білімі, ғылыми жарияланымдары, гранттық бағдарламаларға қатысу және т. б.), байланысқа арналған ұялы телефоны (нөмір тек редакция мен автор арасындағы байланыс үшін пайдаланылады).
Мәтін ені бойынша орналастырылады және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
Авторлардың қосқан үлесі
Егер мақалада екі автор болса, әр автордың зерттеуге қосқан үлесін белгілеп, оның нақты жұмысын түсіндіру қажет. Мысалдар Saryn-ның жаңа шығарылымдарында бар. Авторлардың атап өту тәртібін олар өз алдына келісіммен жасайды және Авторлар туралы мәліметтер файлында көрсетіледі.
Мәтін ені бойынша тураланады және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі.
Алғыс
Бұл бөлімде авторға Saryn редакциясына ұсынылған мақаланы дайындауға көмектескен адамдар туралы айтылу керек; қаржылық немесе басқа да қолдау көрсеткен ұйымдар туралы. Анонимді рецензенттерге ризашылық білдіру жақсы қасиет болып саналады.
Мәтін ені бойынша тураланады және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі.
Автор туралы толық мәліметтер
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) толық көрсетіледі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ұйымның толық мекенжайы (индексті, қаланы, елді қоса алғанда), электрондық поштасы, ORCID ID (болмаған жағдайда мына https://orcid.org/ тіркеледі), байланыс үшін ұялы телефон (нөмірі тек редакцияны автормен байланыстыру үшін қолданылады).
Мәтін ені бойынша тураланады және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі.
Егер мақала орыс тілінде болса, автор туралы барлық мәлімет ағылшын және қазақ тіліне аударылады (Қазақстаннан емес авторларға — тек орыс және ағылшын тілдерінде). Егер мақала қазақ тілінде болса, автор туралы барлық мәлімет ағылшын және орыс тіліне аударылады. Егер мақала ағылшын тілінде болса, автор туралы барлық мәлімет орыс және қазақ тіліне аударылады.