Редакциялық саясат

Жарияланатын материалдардың тақырыбы мен сапасы

Saryn мәдениет және өнер саласындағы зерттеу нәтижелерін жариялауға маманданған ғылыми рецензияланған журнал. Негізгі тақырып келесі бағыттарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

Saryn журналы қазіргі ғылымға қатысты мәселелерге арналған және проблемалар, зерттеу әдістері мен стилі бойынша халықаралық деңгейге сәйкес келетін мақалалар, пікірлер мен рецензия жариялауға бағытталған. Жарияланым тілдері — ­­­­ағылшын, қазақ, орыс.

 

Өңдеу және рецензиялау

Журналдың редакциялық алқасына тақырыптың негізгі бағыттары бойынша сарапшылар кіреді. Бас редактор, басылымның жауапты редакторлары және редакциялық алқа өз қызметінде кәсіпқойлық, объективтілік, ғылыми, бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. Редакцияның авторлармен өзара іс-қимылы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және объективтілік қағидаттарына негізделеді.

Журналдың редакциялық жарияланымдардан басқа барлық мақалалары екі рет «жасырын» рецензиялау принципі бойынша міндетті түрде қаралады (double – blind review-автор мен рецензенттің екі жақты анонимділігі). Рецензент мақұлдаған қолжазбалар автор мен басылымның жауапты редакторы орындайтын редакция мен техникалық дайындықты қамтитын басылымның дайындық рәсімінен өтеді.

 

Ақпараттық ашықтық

Журналдың сайтында баспа, редакциялық алқа, ғылыми мақалаларды рецензиялау және жариялау туралы ақпарат, басылымның ақпараттық ашықтығына сәйкес өзге де ақпарат ашық және қолжетімді жарияланады. 

Журнал «қола» және «гауһар» типтері бойынша ашық қол жетімділік (open access) қағидаттары негізінде мақалалар жариялайды: авторлардан жариялау үшін ақы алынбайды, оқырмандар үшін журналдың электрондық нұсқасына ашық қол жеткізу мүмкіндігі сақталады. Толығырақ Авторлық құқық бөлімін қараңыз.

 

Жариялау ғылыми этикасы

Мақалаларды журналдың редакциясына жалпы мәдениет пен өнерге, музыкаға және музыкалық білімге қатысты тақырыптарда жазатын кез келген зерттеуші ұсына алады. Жариялау үшін таңдалған барлық мақалалар плагиат, мазмұн, орфографиялық және грамматикалық қателер үшін тексеріледі.

Мақаланы жариялау үшін Saryn журналына жіберген авторлар келесі шарттармен келіседі:

1. Редакция барлық мақалаларды мазмұны, емлесі, тыныс белгілері және грамматикасы бойынша өңдей алады.

2. Saryn журналындағы мақалалар редакцияның қалауы бойынша жарияланады. Редакция сонымен қатар мақала жарияланған шығарылымның күні мен нөмірін анықтайды.

3. Мақаланы кез-келген басқа журналда бастапқы жарияланымға сілтеме жасамай қайта басып шығаруға рұқсат етілмейді. Автор Saryn-де жариялауға ұсынылған мақаланың бірегейлігі үшін жауап береді. Толығырақ ақпаратты Жариялау этикасынан қараңыз.

4. Бұрын басқа басылымдарда, оның ішінде басқа тілдердегі басылымдарда жарияланған мақалалар жариялауға қабылданбайды. Толығырақ ақпаратты Жариялау этикасынан қараңыз.

5. 1–4 тармақтарға қатысты ешқандай ерекшеліктер болжанбайды.

Барлық авторлар жариялауға келісім беруі керек. Авторлық құқық ҚР заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес сақталады.