Мақала туралы ақпарат
Мақаланың жарияланған күні
2024-10-30
Мақала беті
20–38
Бөлім
Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Лицензия
Аңдатпа
Мақалада музыкалық мәдениеттің тарихи дамуына музыканттың шығармашылық қызметінің әмбебаптылық тұрғысынан жаңа көзқарас ұсынылған, ол таланттың жан-жақтылығында, көптігінде және кәсіби қызығушылықтың мәдени кеңдігінде көрінеді. Музыкалық орындаушылық қызмет саласында әмбебаптылық XVIII ғасырға дейін әртүрлі мәдени дәстүрлерде де, батыс еуропа музыкасында да музыканттардың ажырамас қасиеті болды.
Зерттеу әдістемесі кең эстетикалық, мәдени, әлеуметтік, тарихи және ғылыми контексттерде шығармашылықтың әмбебаптылығы туралы тұтас түсінік қалыптастыруға көмектесетін кешенді құндылық әдісі мен салыстырмалы талдаудың үйлесіміне негізделген. Композитор мен пианисттің қызметін қазіргі контекстте біріктіру құбылысы әмбебаптылықты музыкалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. Фортепиано стилін зерттеу орындаушылық интерпретация теориясының ережелері мен тәсілдерін тартуды негіздейді.
Қазіргі жағдайда музыканттың өзін-өзі әртүрлі қасиеттерде тануы өзекті бола бастады,
бұл шығармашылық өзін-өзі көрсету аясын кеңейтуге мүмкіндік береді және инновациялық ойлаудың көрінісін ынталандырады. Шығармашылық тұлғаның әмбебаптығы этникалық дүниетанымның ерекшеліктерімен анықталады және ауызша кәсіпқойлықпен тығыз байланысты, онда шығармашылықтың бастапқы синкретизмі функциялар мен әмбебаптылықтың көріністерін біріктіруге негіз болды. Музыкалық іс-әрекет түрлерінің ұзақ бөліну үдерісі әртүрлі тарихи, әлеуметтік- мәдени және эстетикалық факторлардың әсерінен болды және маманданудың екі бастауымен байланысты – ауызша дәстүрлерді ұстаушының авторлығын даралау және кейіннен нотацияның пайда болуына әкелетін сакралды музыканың орындалуын стандарттау. Мақалада сонымен
қатар психологиялық және когнитивті мінез-құлық аспектілерінің айырмашылығына байланысты шығармашылық іс-әрекеттің әмбебаптылықтағы типологиясы ұсынылады: композитор
мен орындаушының рөлдері бір-бірімен тығыз байланысты және бөлінбейтін синкретикалық тип (ауызша дәстүрді ұстаушылар) және жеке тілектер мен мотивтермен байланысты синтетикалық тип (жазбаша дәстүр музыканттары).
Зерттеулердің нәтижелері музыкалық іс-әрекеттің функцияларын түпкілікті бөлуге толық қол жеткізілмегенін және музыкалық үдеріс пен шығармашылықтың психологиялық сипатына байланысты болашақта болмауы мүмкін екендігін көрсетті.
Тірек сөздер
шығармашылық қызметтің әмбебаптылығы
музыканттың әмбебаптылығы
шығармашылық қызмет түрлерінің бөлінуі
музыкалық кәсіпқойлық
Дереккөздер тізімі және References
Alekseyev, Alexander. Istoriya fortepiannogo iskusstva: uchebnik [History of Piano Art: Textbook]. St. Petersburg, Planeta muzyki, 2020. (In Russian)
Alkon, Yelena. “K voprosu o ‘pis'mennom’ i ‘ustnom’ v muzykal’nykh traditsiyakh Zapada i Vostoka.” [“To the Question of ‘Written’ and ‘Oral’ in the Musical Traditions of the West and the East.”] Izvestiya Vostochnogo instituta, no. 3, 1996, pp. 161–166. (In Russian)
Alpatova, Angelina. Arkhaika v mirovoy muzykal’noy kul’ture [Archaic in World Musical Culture]. Moscow, Ekon-Inform, 2009. (In Russian)
Batkin, Leonid. Ital’yanskoe Vozrozhdenie v poiskakh individual’nosti [Italian Renaissance in Search of Individuality]. Moscow, Nauka, 1989. (In Russian)
Davlatova, Sitora. “Otrazhenie sufiyskogo rituala v kompozitorskom tvorchestve (k probleme neoritual'nosti).” [“Reflection of the Sufi Ritual in Composer’s Work (to the Problem of Non-Rituality).”] Istoricheskie, filosofskie, politicheskie i yuridicheskie nauki, kul’turologiya i iskusstvovedenie. [Historical, Philosophical, Political and Legal Sciences, Cultural Studies and Art Criticism] Manuscript, no. 3 (89), 2018, pp. 115–122. (In Russian)
Ivanova, Svetlana. Kompozitor: ocherki po istorii professii [Composer: Essays on the History of the Profession]. 2006. Moscow, Tchaikovsky Moscow State Conservatory, PhD thesis’s abstract. (In Russian)
Jumaliyeva, Tamara. Kazakhskie akyny: Vostok – Zapad, v kontekste kul’turnogo prostranstva [Kazakh Akyns: East – West, in the Context of Cultural Space]. Almaty, 2010. (In Russian)
Konovalova, Irina. “The Composer Phenomenon in a Historical Retrospect of an Authorship Idea Formation in European Musical Culture of the Middle Ages”. Linguistics and Culture Review, vol. 5 (S2), 2021, pp. 284–302. DOI: 10.37028/lingcure.v5nS2.1353.
Lang, Paul. Music in Western Civilization. New York, W. W. Norton and Company, 1969.
Livshits, Dmitry. Fenomen improvizatsii v dzhaze [The Phenomenon of Improvisation in Jazz]. 2003. Nizhny Novgorod, Glinka Nizhny Novgorod Conservatory, PhD thesis’s abstract. (In Russian)
Martynov, Vladimir. Konets vremeni kompozitorov [Composer’s End Time]. Moscow, Russkiy put, 2002.
Orlov, Genrikh. Drevo muzyki [Music Tree]. Washington, N. A. Frager & Co, St. Petersburg, Sovetskiy kompozitor, 1992. (In Russian)
Saponov, Mikhail. Menestreli. Kniga o muzyke srednevekovoy Evropy [Minstrels. A Book About the Music of Medieval Europe]. Moscow, Klassika-XXI, 2004. (In Russian)
Sergeyeva, Tatyana. “Pridvornaya traditsiya na srednevekovom arabskom Vostoke (na materiale srednevekovykh istochnikov).” [“Court Tradition in the Medieval Arab East (Based on Medieval Sources).”]. Muzykal‘naya Akademiya, no. 3, 2008, pp. 180–187, www.mus.academy/articles/pridvornaya-traditsiya-na-srednevekovom-arabskom-vostoke. Accessed 13 July 2024. (In Russian)
Shubina, Svetlana. K voprosu ob oppozitsii svetskikh i dukhovnykh zhanrov v muzykal'noy kul'ture vozrozhdeniya (messa i madrigal): rukopis’ [On the Issue of the Opposition of Secular and Spiritual Genres in the Musical Culture of the Revival (Mass and Madrigal): Manuscript]. Almaty, 2008.
Sokolov, Aleksandr. Muzykal’naya kompozitsiya XX veka. Dialektika tvorchestva. Issledovanie [Musical Composition of the 20th Century. The Dialectic of Creativity. Study]. Moscow, Kompozitor, 2007. (In Russian)
Solyarskiy, Vladimir. Sovremennoe pravovoe i kul’turno-ekonomicheskoe polozhenie inorodtsev Priamurskogo kraya [Modern Legal and Cultural and Economic Status of Foreigners in the Amur Region]. Khabarovsk, PH of the Office of the Amur Governor-General, 1916. (In Russian)
Sokhor, Arnold. Sotsiologiya i muzykal’naya kul’tura [Sociology and Musical Culture]. Moscow, Sovetskiy kompozitor, 1975. (In Russian)
Stravinskiy, Igor. Publitsist i sobesednik [Publicist and Interlocutor]. Moscow, Sovetskiy kompozitor, 1988. (In Russian)
Tsuker, Anatoly. “K probleme avtorstva v massovoy muzyke.” [“To the Problem of Authorship in Mass Music.”] Yuzhno-Rossiyskiy muzykalnyy almanakh, no. 4 (41), 2020, pp. 11–18. DOI: 10.24411/2076-4766-2020-14002. (In Russian)
Tursunov, Yedige. Vozniknovenie baksy, akynov, seri i zhyrau [The Emergence of Baksy, Akyns, Sery and Zhyrau]. Astana, Foliant, 1999. (In Russian)
Yunusova, Violetta. Tvorcheskiy protsess v klassicheskoy muzyke Vostoka [Creative Process in the Classical Music of the East]. 1995. Moscow, Russian Institute of Art Studies, Doctor of Art History thesis’s abstract. (In Russian)
Zhaivoronok, Natalia. Muzichne vikonavstvo yak fenomen muzichnoї kul’turi [Musical Performance as a Phenomenon of Musical Culture]. 2006. Kyiv, Kyiv National University of Culture and Arts, Candidate of Art History dissertation. (In Ukrainian)