Затаевич және кәсіби қазақ музыкасының дамуы

Көріністер: 35

Бөлісу:

Мақаланы жүктеп алу English

Автор

Айгүл Имашева

												

Педагогика ғылымдарының кандидаты (PhD), музыкатану жəне композиция кафедрасының доценті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Қазақстан

Мақала туралы ақпарат

Мақаланың жарияланған күні

2021-06-30

Мақала беті

12-17

Бөлім

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Лицензия

Attribution-NonCommercial-NoDerivs 4.0 International

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның музыка мәдениетінің ең жарқын және жанқиярлық қайраткерлерінің бірі – Александр Викторович Затаевич және кәсіби қазақ музыкасын дамыту туралы айтылады. А.Затаевич музыкалық шығармаларды жинаушы, көрнекті музыкатанушы-ғалым, халық музыкасының нағыз білгірі, өзінің талпынысы мен шынайы махаббатымен қазақ халқының жарқын және өзіндік музыкалық мәдениетін ұмыт қалдырмады. Қазақ даласының тарихына үңіле отырып, композитор өзінің шынайы бейімділігін тауып, кең танымалдылыққа ие болды және Қазақстанның кәсіби орындаушылық мәдениетінің негіздерін қалыптастыруда маңызды орын алады.

А. Затаевич өз ісінің нағыз шебері және шығармашыл адам ретінде қазақтардың мәдени өмірінің қалыптасу үрдісіне белсене араласты. Қазақ халық әндерінің әуезді байлығы, олардың музыканттардың арасында беймәлім болуы, ауызша орындаушылық шығармашылықтың ерекшеліктеріне байланысты, оны қазақ фольклорын зерделеумен және жүйелеумен байыпты айналысуға шешім қабылдауға итермеледі. А. Затаевич үлкен ынта-жігер мен қажырлылықты талап ететін үлкен де қажырлы жұмысты бастайды.

Ол "ең ірі көшпелі халықтардың рухани тереңдігі мен дарындылығын анықтайтын"автордың айтуы бойынша әндерді жинап, нотаға аударады. Адамның ерекше сүйкімділігімен, әдептілігімен және әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдармен ортақ тіл таба білуімен ол қысқа мерзімде музыкалық фольклордың 2300-ден астам туындыларын жазды. Олар оның "қазақ халқының 1000 әні" (1925), "Қазақтың 500 күйі мен әні" (1931) атты ежелгі дәуірден 1930 жылдарға дейінгі қазақ музыкалық фольклорының антологиясын бейнелейтін жинақтарына енген.

Оның Қазақстандағы еңбектерінде алғаш рет Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Дәулеткерей, Балуан Шолақ, Мұхит, Ыбырай сияқты көрнекті халық композиторларының шығармашылық сипаттамалары пайда болды. Композитор сондай - ақ қазақтың көрнекті халық орындаушылары - Әміре Қашаубаев, Ғаббас Айтпаев, Қали Байжанов және т. б. туралы мәліметтер қалдырды.  

Тірек сөздер

А.Затаевич
халық музыкасы
фольклор
әндер мен күйлер
халық композиторлары
ноталық жазба
өңдеу
ауызша шығармашылықты жинаушы.

Дереккөздер тізімі және References

The Great Soviet encyclopedia: [in 30 volumes] // edited by A. Prokhorov-3rd ed. –Moscow, 1969.

International Music Score Library Project-2006.

North Kazakhstan region. Encyclopedia. - 2nd edition, add. – Almaty, 2006.

Kazakh SSR: short encyclopedia / / ed. by R. N. Nurgaliev. – Alma-ATA: 1991. - Vol. 4: Language. Literature. Folklore. Art. Architecture.

Kazakhstan. The national encyclopedia. – Almaty, 2005.

Большая советская энциклопедия: [в 30 т.] // под ред. А. Прохоров- 3-е изд. - М., 1969.

International Music Score Library Project – 2006.

Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. –Издание 2-е, доп. – Алматы, 2006.

Казахская ССР: краткая энциклопедия // Гл. ред. Р. Н. Нургалиев. – Алма-Ата: 1991. – Т. 4:

Язык. Литература. Фольклор. Искусство. Архитектура.

Казахстан. Национальная энциклопедия. – Алматы, 2005.