Мақала туралы ақпарат
Мақаланың жарияланған күні
2024-11-20
Мақала беті
111–122
Бөлім
Пікірлер, шолулар, сұхбаттар
Лицензия
Аңдатпа
Мақала әзірбайжан биін зерттеуге елеулі үлес қосқан Афаг Гусейнованың «Әзірбайжан биінің эволюциясы» кітабын талдауға арналған. Автордың жұмысы Әзірбайжан би өнерінің шығу тегі, тарихи дамуы және қазіргі тәжірибесін зерттеуді қамтиды. Осы еңбектің Әзірбайжан хореологиясына қосқан үлесін бағалау тек кітаптың мазмұндық талдауын ғана емес, сонымен қатар осы және оған қатысты мәселелер бойынша қазіргі зерттеушілерге қолжетімді ғылыми еңбектердің дереккөздік шолуын зерттеуді де талап етті. Әзірбайжан биінің тарихнамасына жүргізілген шолу бұл саланың жеткілікті зерттелмегенін көрсетті, бұл дегеніміз А. Гусейнованың еңбегінің маңыздылығын ерекше атап өтуге мүмкіндік береді.
Кітапта әзірбайжан биі тарихының кезеңдері үшке бөлінеді: ежелгі дәуір, орта ғасыр және қазіргі заман. Талдау дереккөздері ретінде петроглифтер, ортағасырлық трактаттар, миниатюралар және заманауи этнохореологиялық мәліметтер қарастырылған. Автор дәстүрлі би формаларының қазіргі Әзірбайжан балетімен байланысын да қарастырады. А. Гусейнова әзірбайжан биінің бастауларын терең зерттейді, сонымен қатар фольклорлық дәстүрлерді, муғамды, ашуғ өнерін, орыс және батыс балет мектептерінің ықпалын да қарастырады. Ол Гобустан петроглифтеріндегі шеңберлі яллы биінің қазіргі заманғы балет қойылымдарына дейінгі эволюциясын талдайды. Ортағасырлық миниатюраның би дәстүрлерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылады. Зерттеуде халық билерінің жіктемесі ұсынылып, олардың рәсімдік, үйлену тойға арналған, тұрмыстық және басқа да функциялары айқындалған.
Кітаптың басты артықшылығы – тілінің қарапайымдылығы мен мазмұнының ықшамдылығы, бұл оқырманға зерттеліп отырған тақырыпты тезірек түсінуге мүмкіндік береді. Сын-пікірлер мен ұсыныстар ретінде кітапқа терминдер сөздігі, әзірбайжан биінің библиографиясы және өнер саласының ең танымал қайраткерлерінің тізімі сияқты қосымшалардың болмауы атап өтіледі. Сонымен қатар, егер автор кеңейтілген басылымды жоспарласа, қазіргі заманғы жағдайда кітапты мультимедиялық материалдармен толықтыруға мүмкіндік бар. А. Гусейнованың кітабының Әзірбайжан хореологиясына қосқан маңызды үлесі – ол оқырманды Әзірбайжан хореографиясы мен би өнерінің негізгі аспектілерімен таныстыруында.
Бұл басылым хореограф-студенттер мен музыканттарға арналған оқу құралы ретінде, сондай-ақ мәдениетаралық және пәнаралық жобалар саласындағы зерттеушілер үшін пайдалы болады. Ол әзірбайжан биін әлемдік өнердің бірегей феномені ретінде насихаттауға және тереңірек зерттеуге ықпал етеді.
Тірек сөздер
әзірбайжан биі
әзірбайжандық балет
Афаг Гусейнова
этнохореология
әзірбайжан биінің тарихнамасы
Дереккөздер тізімі және References
References
“Azerbajdzhanskij tanec.” [“Azerbaijan Dance.”] Wikipedia, ru.wikipedia.org/wiki/Azerbajdzhanskij_tanec. Accessed 03 November 2024. (In Russian)
Aktas, Gurbuz. “Azerbaijani Folkdance from Gobustan Caves to Proscenium Stage.” Dance, Gender, And Meanings: Contemporizing Traditional Dance, proceedings of the 26th Symposium of the ICTM Study Group on Ethnochoreology. Edited by Elsie Ivancich Dunin, et al., 2012, pp. 85–96.
Alekperova, Agida. Hhorovodnye tancy “yally” Nakhichevanskoj zony [Yalli Round Dances of the Nakhchivan Area]. 1994. Baku, U. Gadzhibekov Azerbaijan State Conservatory, Dissertation abstract. (In Russian)
Babayeva, Makhabbat. “O Nakhchyvanaskikh yally, vklyuchennykh v spisok nematerialnogo kulturnogo naslediya yunesko, nuzhdayushchegosya v srochnoj okhrane.” [“About Nakhchevan Yallas Included in the List UNESCO Intangible Cultural Heritage, in Need of Urgent Protection.”] Current Issues of Modern Science and Practice, proceedings of the II International Scienfitic and Practical Conference. Chistopol, 30 October 2020, Kazan, IP Ragulin R.A., CHUDPO NIOC, pp. 87–94. (In Russian)
Bakhmanli, Rauf. Azərbaycan yallıları [Yallas of Azerbaijan]. Baku, Mutarcim, 2018. (In Azerbaijan)
Dzhafarova, Eteri. “Tradicii I novatorstvo v azerbajdzhanskom narodno-scenicheskom tance.” [“Traditions and Innovations in Azerbaijani Folk Stage Dance.”] Topical Issues of the Development of Ballet Art and Choreographic Education, proceedings of the VI All-Russian Scienfitic and Practical Conference, 24 October 2022. Moscow, Moscow State Academy of Choreography, 2023, pp. 33–37. (In Russian)
Gadzhibekov, Uzeir. Osnovy Azerbajdzhanskoj narodnoj muzyki. [Fundamentals of Azerbaijani Folk Music]. 3rd ed., Baku, Yazychi, 1985. (In Russian)
Hassanov, Kyamal. Azerbajdzhanskij narodnyj tanec [Azerbaijani folk dance]. Moscow, Iskusstvo, 1978. (In Russian)
Husseinova, Afag. Azerbajdzhanskij baletnyj spektakl: genezis I sintez iskusstv [Azerbaijani Ballet Performance: The Genesis and Synthesis of the Arts]. Baku, Avropa, 2020. (In Russian)
Husseinova, Afag. Ehvolyuciya azerbajdzhanskogo tanca [Evolution of the Azerbaijani Dance]. Baku, Avropa, 2019. (In Russian)
Ibragimov, Vakil. “Yallı” birlik rəmzidir [Yalli as a Symbol of Unity]. Baku, Shirvanneshr, 2003. (In Azerbaijan)
Mammadli, Akram and Kenan Mammadli. Naxçıvan-Şərur el yallıları [Yallas of Nakhchivan-Sharur People]. Nakhchivan, “Ajami” PH, 2015. (In Azerbaijan)
Mikeladze, Galina. Balet Azerbajdzhana [Ballet of Azerbaijan]. Baku, Adilogly, 2011. (In Russian)
Nabiyeva, Fazilya. “K specifike variantov tanca yally Urfany i odnoimennogo ashugskogo napeva.” [“Specifics of the Urvana Yally Dance Variants and the Same Named Ashug Chant.”] Muzykalnoe iskusstvo Evrazii. Tradicii i sovremennost, no. 4 (5), 2021, pp. 39–49. DOI: 10.26176/MAETAM.2021.5.4.001. (In Russian)
Pazycheva, Inna. “Zhanrovaya specifika variantnosti v azerbajdzhanskikh pesenno-tancevalnykh formakh.” [“The Genre Specificity of the Variation Technique in Azerbaijani Song and Dance Forms.”] Problemy Muzykalnoj Nauki / Music Scholarship, no. 1 (42), 2021, pp. 193–202. DOI: 10.33779/2587-6341.2021.1.193П-202 (In Russian)
Shikhlinskaya, Leila. Osnovnye etapy vozniknoveniya i stanovleniya azerbajdzhanskogo baletnogo iskusstva (20–80e gg.) [The Main Stages of the Emergence and Formation of the Azerbaijani Ballet Art (20–80s)]. 1986, Tbilisi, PhD in Arts Thesis. (In Russian)
Мuradova, Тarana. “Razvitie narodnogo tanca I ego khoreograficheskoe novatorstvo.” [“The Development of Folk Dance and its Choreographic Innovation.”] Folk Dance and Choreographic Art: Traditions and Modernity, proceedings of the International Scienfitic and Practical Conference dedicated to the 110 Anniversary of Gai Tagirov. Kazan, 11 December 2018. Edited and compiled by Aigul Salikhova, et. al.. Kazan, Academy of Science of the Republic of Tatarstan, 2017, pp. 136–139. (In Russian)