Валерия Недлина

Saryn ғылыми редакторы

Orcid Id

https://orcid.org/0000-0002-4200-5702

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы музыкатану және композиция кафедрасының доценті.

Өнертану кандидаты (PhD), мәдениет саласының үздігі төсбелгі. 

2015 жылдан — Халықаралық Дәстүрлі музыка кеңесінің (ICTM) мүшесі.

2020 жылдан — Қазақстандық өнер сыншылары гильдиясының мүшесі.

2021 жылдан — дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңестің «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобының хатшысы. 

Білімі

2003–2010 — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мамандығы және магистратурасы.

2012–2017 — П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының өнертану кандидаты дәрежесіне үміткер. Диссертация 2017 жылы қорғалған.

Жұмыс тәжірибесі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап  Saryn журналының жауапты редакторы (бұрын — Құрманғазы атындағы ҚҰК хабаршысы.). Ғылыми қызығушылық саласы қазіргі кезеңдегі Қазақстанның музыкалық мәдениетін музыкатану, этномузыкатану және музыкалық Шығыстану тұрғысынан алуан түрлілігімен қамтиды. Сонымен қатар, В. Недлиннаның зерттеулері мен публицистикалық жұмыстары қазіргі академиялық музыканың әртүрлі құбылыстарына, американдық минимализмге, полистилистикаға, нео-дәстүрлі және басқа да өзекті тенденцияларға арналған. Талдау және музыка теориясы саласында компьютердің көмегімен дыбысты талдаудың объективті әдістерін зерттейді.