Тоғжан Молдалім

Saryn қазақ тілінің жауапты редакторы

Orcid Id

https://orcid.org/0000-0002-2007-0044

Өнер магистрі, А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқытушысы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторанты, Qazaq Ballet Creative Lab арт-менеджері.

 

Білімі

2012–2015 — Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі — би ансамблі артисі.

2016–2020 — Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы — хореография педагогикасы бакалавры.

2020–2022 — Санкт-Петербург мемлекеттік университеті — музыкалық сын магистрі.

2022–2025 — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы — арт-менеджмент бағдарламасы бойынша докторантура.

 

Жұмыс тәжірибесі

Тоғжан Молдалімнің ғылыми қызығушылығы хореографиялық өнеріндегі орындау техникасы, би пәндерін оқытудың педагогикалық әдістері, ұлттық болмысты іздеу, сонымен қатар хореографиялық өнерді басқару тұрғысынан зерттеуге бағытталған.

 

Рецензияланатын ғылыми журналдардағы және халықаралық конференциялар материалдары жинақтарындағы 30 мақаланың авторы.

 

2015–2016 — «Гүлдер» би ансамблінде балет әртісі болып жұмыс істеді.

2018–2022 — Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрында балет әртісі болып жұмыс істеді.

2019–2020 — Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде оқытушы болып жұмыс жасады.

2021 жылы Almaty Gallery-де арт-менеджер болып жұмыс істеді.

2021–2023 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми-редакциялық бөлімінде Central Asian Journal of Art Studies журналының қазақ тілінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқытушы болып жұмыс істейді.

2022 және 2023 жылдары ЮНЕСКО демеушілігімен өткен «The Planet of Art» халықаралық музыкалық фестивалінің хореографиялық бағытының тәлімгері болды.

Түрікменстанда (Ашхабад, Дашогуз), Африкада (Аддис-Абеба), Оңтүстік Кореяда (Сеул, Чонджу), Өзбекстанда (Ташкент), Үндістанда (Нью-Дели) гастрольдік сапармен болып, шеберлік сабақтарын өтті.

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА хореография факультетінің «ASD» театры және «Самұрық» заманауи би театрының қойылымдарына қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының екі мәрте шәкіртақы иегері (2014, 2019), Президенттік мемлекеттік стипендияның иегері (2018), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің студенттер арасындағы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының үш мәрте 1-дәрежелі лауреаты (2018, 2019, 2020). Ыстамбұл (2018), Нұр-Сұлтан (2019), Санкт-Петербург (2019), Берлин (2020) қалаларында өткен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шығармашылық жобаларын конкурсының гранты иегері (2022).