Мыңжасар Маңғытаевтың «Жайлауда» хор поэмасы

Көріністер: 66

Бөлісу:

Мақаланы жүктеп алу

Автор

Әкім Мұратұлы

												

Дирижерлеу кафедрасының 2-ші курс магистранты

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Қазақстан

Мақала туралы ақпарат

Мақаланың жарияланған күні

2023-12-13

Мақала беті

75-82

Бөлім

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Лицензия

Attribution-NonCommercial-NoDerivs 4.0 International

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысында танымалдылыққа ие болған Қазақстанның халық
әртісі, ұлттық композиторлық мектептің көркемдік бағыттарын бекітуде маңызды рөл атқарған
белгілі композитор, профессор Мыңжасар Маңғытаевтың 1968 жылы жарық көрген «Жайлауда» хор поэмасы қарастырылған. М.Маңғытаев пен поэма сөзінің авторы Ш.Мұхамеджановтың өмірі мен шығармашылықтарына қысқа мағлұмат келтірілген.
Поэма мәтініне шағын талдау жүргізіліп, хор диапазоны мен тесситурасы көрсетіліп,
шығарманың формасы анықталған. Әр бөліміне жеке тоқталып, белгілі бір ойды, имитацияны,
тақырыпты бейнелеп тұрған нақты такт аралықтарына мән беріліп, туындының мәтіні мен әуеніне сай, композитордың көрсеткісі келген ойына анықтамалар келтірілген. Композитордың шығармада туған жердің көрінісін, жайлаудың табиғатын әуенімен керемет жеткізе білгені айқындалған. Талдау барысында, оның сәтті орындалуы үшін дирижерға бірнеше талап қойылуы керек деген тұжырым берілген. Сондай-ақ, «Жайлауда» хор поэмасында музыка мен сөз органикалық түрде бірігіп, музыкалық-көркемдік образ әртүрлі тәсілдермен ұсынылған. Композитордың қолындағы хор ұжымы туған өлкенің сұлулығы мен жайлаудың табиғатын бейнелейтін шебер орындаушы екені анықталған. Зерттеуге алынып отырған шығарманы орындаушылық және педагогикалық тәжірибе тұрғысынан қарастырғанда мақалада қол жеткізген нәтижелер құнды болары айқын.

Тірек сөздер

хор
поэма
композитор
Жайлауда

Дереккөздер тізімі және References

Қазақстан композиторлары. Композиторы Казахстана. Творческие портреты (на казахском и русском языках). Том второй. Кетегенова Н.С., Нусупова А.С. – Алматы: АО «АлматыБолашақ», 2017. – 624 с.

Костанайская областная универсальная научная библиотека им. Л. Толстого. Мухамеджанов Шамиль (1931–1980) https://www.kstounb.kz/ru/kraevedenie/pisateli?node=2469&vis=mobile

Радько, Н.А. Основы комплексного анализа хоровых произведений: учеб. пособие / Н. А. Радько; Алт. гос. акад. культуры и искусств. – Барнаул: Изд-во АлтГАКИ, 2010. – 131 с.

Kazakhstan compozitorlary – Compozitory Kazakhstana. Tvorcheskie portrety (na kazakhskom i russkom iazykah). Tom vtoroi. – Almaty: «Almaty-Bolashak», 2017. – 624 s.

Kostanaiskaya oblastnaya universalnaya nauchnaya biblioteka im. L. Tolstogo. Mukhamedjanov Shamil (1931–1980) https://www.kstounb.kz/ru/kraevedenie/pisateli?node=2469&vis=mobile

Radko, N.A. Osnovi kompleksnogo analiza khorovih proizvedenii: uchebnoe posobie / N.А. Radko; Alt. gos. akad. kultury i iskusstv. – Barnaul: Izd-vo АltGAKI, 2010. – 131 s.