saryn

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы шығаратын Saryn журналы – «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша жоғары сапалы мақалалар таратуға және талқылауға ықпал ететін халықаралық рецензияланатын журнал. Журналға ұсынылған академиялық мәтіндер музыкалық іс-шараларға, театр және балет қойылымдарына, киноиндустрияға, көркемөнер көрмелеріне және басқа да мәдени жұмыстарға қатысты болуы мүмкін.

Қазақ тіліндегі Saryn сөзі «әуен», «ән», «мотив» дегенді білдіреді. Бұл көптеген түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетімен байланысты өте мағыналы термин. Сондықтан Saryn-дағы басылымдардың басым бөлігі өнердің әдістемелік мәселелерін ұлттық мәдениет контекстінде, дәстүрлердің мәдениетаралық өзара әрекеттесу мәселелері мен олардың қазіргі жай-күйін зерттеу мен талқылауға бағытталғаны кездейсоқ емес.

Saryn журналының редакциясы авторларды күрделі терминологиядан аулақ болып, халықаралық оқырмандармен қарым-қатынас жасауды ескере отырып, түсінікті және қолжетімді тілде жазуға шақырады. Мақаланы бағалау және жариялау мерзімі нөмірдің тақырыбына және әлемнің әртүрлі елдерінен авторлар берген өтінімдер санына байланысты.